Топ-100 Балалар жазғы демалыста ҚР президентінің Архивімен танысты
  • 29 марта, 12:45
  • Астана
  • Weather icon +4
  • 448,15
  • 483,46
  • 4,86

Балалар жазғы демалыста ҚР президентінің Архивімен танысты

Фото: ҚР президентінің Архиві

Іс-шараның мақсаты — балаларға тарихи құжатардың қалай сақталуын, архивтің қызметі мен міндеттерін, архившілердің күнделікті жұмыстарын таныстыру.

Қазақстан президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығына сәйкес биылғы жыл Балалар жылы деп жарияланған болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасы президентінің Архивінде «Болашақ архивші» тақырыбында балалармен кездесу өтті, деп хабарлайды Total.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның мақсаты — балаларға тарихи құжатардың қалай сақталуын,  архивтің қызметі мен міндеттерін, архившілердің күнделікті жұмыстарын таныстыру.

Жас қонақтарға архивте арнайы танымдық  экскурсия жасалды. Онда құжаттарды тігу, қалпына келтіру және цифрландыру сияқты жұмыс түрлері мен басқа да қызметтері бойынша мастер-кластар өткізілді. Келесі бөлімде оларға арналып архив қызметкерлерінің істерді қорапқа орналастыру, нөмерлеу, құжаттарды зерттеу, конверттерді дайындау, архив құжаттарына мөр басу сынды бірқатар жұмыстары бойынша шеберлік сабақтар өткізілді. Балаларға арналған «Сөз тапқыр», «Бояумен сурет салу», «Викториналық сұрақтарға жауап» сынды байқаулар ұйымдастырылды.

«Көп естігеннен бір көрген артық» деген қағиданы міндеттеген архивтегі бір күндік іс-шара балаларды күнделікті көріп жүрген гаджеттің құрсауынан ажыратып, ерекше әсерге толы көңіл күй сыйлады. Нәтижесінде, архивтегі отандық тарихтың сақталуы мен қызметтерінің барысына куә болған балалардың арасында архивші боламын деген армандарын жасырмай айтқандар болды.

Президентінің Архиві биыл бұдан бөлек балаларға арналған тағы бір шара жоспарлап отыр. Күзде Алматы қаласының орта білім беру мекемелерінің оқушыларының арасында «Архив құжаттарындағы менің отбасымның тарихы» атты мәдени-танымдық мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының байқауын өткізу көзделген. Оның мақсаты — Қазақстанның мәдени мұрасын, тарихи аса құнды құжаттарын зерделеу мен сақтауға және өздерінің әулеттік тарихы бойынша құжаттық деректермен жұмыс атқаруға баулу, ғылыми-ағарту жұмыстарына қатыстыра отырып, шығармашылық әлеуеттерін арттыру арқылы жасөсіпірімдердің интеллектуалдық және тұлғалық дамуын қалыптастыру болып табылады

Смотрите также:

Предложить новость

Спасибо за предложенную новость!

Надеемся на дальнейшее сотрудничество.


×