Топ-100 Samsung Galaxy Z жиналмалы смартфондары мен Galaxy Buds2 тыңдауыштарының жаңа буынын ұсынды
  • 20 апреля, 03:14
  • Астана
  • Weather icon +10
  • 446,49
  • 475,38
  • 4,79

Samsung Galaxy Z жиналмалы смартфондары мен Galaxy Buds2 тыңдауыштарының жаңа буынын ұсынды

Samsung алдын ала тапсырыс арқылы сатып алушыларға сыйлықтар дайындады.

Samsung Newsroom Kazakhstan ресми жаңалықтар порталы Samsung Galaxy Z Fold3 және Galaxy Z Flip3 смартфондарын ұсынғанын хабарлайды.

Қазақстанда 16 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында 50 мың теңге немесе 100% төлеу арқылы алдын ала тапсырысқа қатысуға болады. Samsung алдын ала тапсырыс арқылы сатып алушыларға сыйлықтар дайындады: стильді қап + SmartTag белгісі мен Samsung Care + қызметі аясында жыл бойы экранды қорғау. Trade-in бағдарламасына қатысушылар 500 мың теңгеге дейін жеңілдік пен жыл бойына экранды қорғауды сыйлыққа алады.

Z Fold3-ке жаңа экранасты камерасы орнатығандықтан  7,6 дюймдік Infinity Flex Display қосымшалар үшін ажырамас кеңістік береді. Ал 120 Гц-ті құрайтын дисплейдің жаңа адаптивті жаңарту жиілігі құрылғымен өзара әрекеттесуді бірқалыпты етеді.

Galaxy Z сериясында алғаш рет, note сериясының сүйікті технологиясы — S pen, Z Fold3-те қол жетімді болды. Ол S Pen Fold Edition және S Pen Pro нұсқаларында орнатылған.

Z Fold3 қара, жасыл және күміс түстерде қол жетімді, нәзік және жеңіл дизайнға ие. Z Fold3 және Z Flip3 ipx8 стандартына сай ылғалдан қорғалып, Corning® Gorilla® Glass Victus™ең берік алюминийден және шыныдан жасалған. Екі смартфонның да негізгі дисплейінде инновациялық қорғаныс үлдірі болғандықтан экран бұрынғыдан 80% берік бола түсті.

Z Flip3 иелері жаңа түстер мен стильді қаптардың арқасында өз «даралығын» көрсете алады. Қол жетімді түстер: сарғыш, жасыл, күлгін және қара. 

Жаңа Galaxy Buds2-мен толықтырылған Galaxy тыңдауыштарының топтамасы жоғары сапалы дыбыспен қамтамасыз етеді, ал белсенді шуды азайту қызметі  сыртқы шуды 98% төмендетеді. Galaxy эко-жүйесіне кіретін Buds2,  смартфонға, планшетке немесе Galaxy смарт-сағатына тамаша серік болатыны анық.

Жарнама ретінде.

Смотрите также:

Предложить новость

Спасибо за предложенную новость!

Надеемся на дальнейшее сотрудничество.


×