Топ-100 ҚазТрансГаздың экологияны жақсартуға қосқан үлесі жоғары бағаланды
  • 12 мая, 17:10
  • Астана
  • Weather icon +22
  • 439,4
  • 473,54
  • 4,76

ҚазТрансГаздың экологияны жақсартуға қосқан үлесі жоғары бағаланды

5 жыл ішінде ЕҚДБ арадағы қарым-қатынас нәтижесінде қыруар жұмыс атқарылды.

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) кезекті жиынында тұрақты даму саласындағы қызметі үшін бірқатар жеңімпаздарды марапаттады.

ЕҚДБ-нің биылғы алтын, күміс және қола жүлделері экология мен әлеуметтік бағытты қамтыған түрлі санаттағы аталымдар бойынша 21 компанияның өкілдеріне табыс етілді. «Көмір қышқыл газының шығындыларын азайтудағы жетістіктері үшін» алтын медалін еліміздің ұлттық операторы «ҚазТрансГаз» АҚ жеңіп алды.

Отандық газ компаниясы ЕҚДБ-мен 2016 жылы ынтымақтастық орнатты. Сол жылы банк газ инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруды бастады. Ұлттық оператордың еншілес компаниялары – «Интергаз Орталық Азия» АҚ мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ банкпен шарт жасасты.

5 жыл ішінде ЕҚДБ арадағы қарым-қатынас нәтижесінде қыруар жұмыс атқарылды. «Бозой» жерасты газ қоймасы жаңартылып, Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жеткізілетін газ көлемі ұлғайды және екі ірі қала – Алматы мен Шымкенттегі ауаға тарайтын зиянды заттар көлемі айтарлықтай азайды.

Инвестициялық жобаларды іске асыру аясында Маңғыстау облысында 104 км жаңа газ құбырлары салынып, 533 км құбыр жаңғыртылды, 28 газ реттеу пункті, 17 шкафты газ реттегіш, 4 автоматты газ тарату станциясы ауыстырылып, жаңадан орнатылды.

Ақтөбе облысында қуаттылығы сағатына 300 мың текше метр АГТС-300 жаңа автоматты газ тарату станциясының құрылысы ішінара қаржыландырылды, ол бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы ең қуатты станция саналады.

Қостанай облысында 4 ауыл мен Рудный қаласы газдандырылды, 35,6 км жаңа газ құбыры салынды, 7 газ реттеу пункті, 2 шкафты газ реттегіш орнатылды. Сағатына 30 мың текше метр автоматты газ тарату станциясын орнату арқылы  ұзындығы 132 км Тобыл кенті – Әулиекөл ауылының жоғары қысымды газ құбырының құрылысы ішінара қаржыландырылды.

Газ мамандары ЕҚДБ-мен арадағы ынтымақтастықты жалғастыра отырып, 2060 жылға қарай Қазақстандағы ауаға тарайтын көміртегі көлемін барынша азайтуға қол жеткізілетініне сенім білдірді.

Смотрите также:

Предложить новость

Спасибо за предложенную новость!

Надеемся на дальнейшее сотрудничество.


×